Петропавлда «Ақшақар» спартакиадасы өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да қысқы спорт түрлерінен «Ақшақар» спартакиадасы басталды. Мектеп оқушылары арасында өтетін облыстық додаға аудандық іріктеу кезеңінен өткен 1300 бала қатысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

whatsapp image 2024 02 27 at 16.21.18

whatsapp image 2024 02 27 at 16.21.18 1

Петропавлда жалауын көтерген жарыс шаңғымен жүгіру, президенттік көпсайыс, спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру, шайбалы және допты хоккей сынды спорт түрлерінен өтпек. Биыл сайыс бағдарламасына шахмат, үстел теннисі мен футзал да кірді.

– Мектеп оқушылары арасындағы қысқы спартакиада дәстүрлі. Облыстық сында жеңіске жеткендер республикалық гимназиадада өңір намысын қорғайды. Өткен жылы өңіріміз ел көлемінде ұйымдастырылған жарыста жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Биыл жерлестеріміз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетініне сенім мол, — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Оқушылар спартакиадасының қорытындысы ақпанның 29-ы күні жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz