Қызылжар өңірінің қысы әдетте қатал болғанымен, кей жылдары күрт жылып кеткен кездері де бар. Теріскейдегі ақпанның ерекшеліктері жайлы qyzyljarnews.kz тілшісі баяндайды.
Синоптиктердің мәліметінше ақпанның ең жылы күні 2016 жылы болған екен, 26 ақпанда ауа температурасы +7 градусқа дейін көтерілген. Ал, 1951 жылдың 17-нші ақпанында сынап бағанасы -42,7 –ге дейін түскен екен.
Биылғы ақпанда ауа райы ауыспалы, екінші онкүндіктің басында түнде — 22-27, күндіз -0-5 градус аралығында болса, соңына таман түнде -12-17, кей жерлерде -20-ға дейін, ал күндіз -2-7 градусқа көтеріледі.
-Үшінші онкүндіктің ортасына таман түнде -20-25, күндіз -13-18 болса, айдың соңында түнде -15-20, күндіз -3-8 –ге көтеріледі, деп өабарлайды «Қазгидромет» мамандары.