Облыста ауыл шаруашылығы мамандарына арналған семинар өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп жатыр. Іс-шараға облыс аудандарынан және Қостанай мен Ақмола облыстарынан келген 40-қа жуық маман қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Алтынбек Абдуллаевтің айтуынша, өңірде өткізіліп жатқан семинар сүт өңдеу саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Ғылыми-тәжірибелік шара 3 күнге ұласады.

– Семинарға ауыл шаруашылығында қызмет етіп жүрген елімізге белгілі компания өкілдерін шақырдық. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сүт өңдеу саласын дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажеттігі туралы айтады, — дейді СҚО ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Алтынбек Абдуллаев.

Семинарға арнайы шақыртумен «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ доценті Рашит Өскенов те келген. Ол өзінің арнайы құрылғысы арқылы пішен мен сүрлемнің сапасын, құрамын қалай анықтау керек екенін көрсетті. Практикалық бөлімде семинар қатысушылары «Қызылжар сүт» тауарлы-сүт фермасына барып, мамандардың мал азығын қалай дайындайтынын көрді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz