Мектеп жылусыз қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы №10 мектеп  оқушыларының ата-аналары облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа  кабинеттердің суықтығына шағымданды.  Бұл өтініш облыстық әкімдіктің ресми сайтында жарияланған,  деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz тілшісі.

Хатта мектептегі жылу  құбырларының суық, сондықтан кабинеттердің іші салқын екені жазылған. Жылыту қондырғыларын қойғанымен, қайран жоқ. Ал қондырғыларды көптеп қойса, электр қуаты өшіп қалады. Ата-аналардың айтуынша аязды күндер әлі алда, балалар болса мектепте бүрсеңдеп отыр.  Олар бұл хатты Nur Otan партиясының жергілікті филиалына да жолдаған.

Бұл сауалға облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі күні мектептегі температуралық режім қалпына келді. Жылыту жүйесіндегі су сорғысының істен шығуына байланысты біраз қиындықтар туындаған. Қазіргі күні қалыпты жағдайда, санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz