Демалыс күндері ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелмеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда полицейлер тыныштықты бұзудың 22 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері өткен демалыс күндері күшейтілген режімде жұмыс істеді. Жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық берілді. Облыс орталығындағы жедел жағдай тұрақты болып қалды, ауыр және аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ.

Наурыздың 8-і мен 10-ы күндері аралығында «102» жедел арнасына 996 телефон хабарламасы келіп түсті, оның 343-і полиция күштерінің ден қоюын талап етті. Ең көп тіркелгені отбасылық жанжал (27 факті). Сонымен қатар петропавлдықтар шулы жиындарды сүйетіндер тарапынан түнгі уақытта тыныштықтың бұзылуына 22 рет шағымданды. Сондай-ақ 156 әкімшілік құқық бұзушылық бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.

Мереке күндері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзу қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау болды, бұл үшін 50 жүргізуші жауапқа тартылды. Сонымен қатар қала көшелерінде 26 жол апаты болды. Салдарынан көлік құралдары зақымданды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz