Қоғамдық моншаның қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде орналасқан қоғамдық моншада болған жарылыстан жарақат алған ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні болған. «112» телефон нөміріне сағат 11.20 минут кеткенде Петропавлдағы қоғамдық моншаның шатыры опырылып құлағандығы туралы хабар келіп түскен. Бір қабатты ғимараттың 30 шаршы метрі зақымданған.

Қоғамдық монша шатырының құлауына қатты отынмен жанатын қазандықтың жарылуы себеп болған. Салдарынан 1983 жылы туған пеш жағушы қатты күйік алды. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Апат болған кезде моншада басқа ешкім болмаған.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесінің 80 % күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, 7 наурызда қайтыс болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz