Тұрғын үй қоры 12,7 млн. шаршы метрді құрап отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы өңірде құрылыс қарқыны артып, баспаналы болғандар қатары өсті. Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда үй қорына 174,8 мың шаршы метр қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, өңірде бір адамға 22,7 шаршы метрден келеді.

– Облыс бойынша тұрғын үй қоры 12,7 млн. шаршы метрді құрап отыр. Оның 46 пайызы Петропавлда, қалған 54 пайызы елді мекендерге тиесілі, — делінген статистика департаментінің ақпаратында.

Бұл ретте ауыл тұрғындары арасында бір адамға 22,3 шаршы метрді құрайтын үй келеді. Қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 23 шаршы метрді құраған.

Санитарлық нормаларға сәйкес, тұрғын үйлерді жобалау және қайта құру кезінде бір адамға шаққандағы тұрғын үй алаңының көлемі кемінде 15 шаршы метр есебінен анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz