Аққайың ауданы Власовка елді мекеніндегі «Гердт В.В.» тауарлы-сүт фермасына Чехиядан 192 бас ірі қара жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Гердт. В. В» шаруа қожалығының жылына 2 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндігі бар. Өткен жылы кәсіпкер Аустриядан 192 ірі қара жеткізсе, биыл тағы соншасын Чехиядан сатып алды. Жалпы шаруашылық 400 басқа шақталған.
– «Солтүстік» ӘКК-дан 300 млн. теңге көлемінде несие алдық. Бұл қаражатқа 150 монбельярд және 42 симментал тұқымдас тайыншаларды сатып алдық. Жақын арада кешен құрылысын аяқтап, толық қуатта жұмыс істейтін боламыз, — дейді «Гердт В.В.» шаруа қожалығының директоры Владимир Гердт.
Бүгіндері Аққайың ауданында мал шаруашылығы дамып жатыр. Қазірдің өзінде ауданда 11 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр.