Петропавлда бау-бақшасы барларға суды есептегіш құралын орнату міндеттелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жеке сектор тұрғындары бау-бақшаны суару үшін енді бөлек есептегіш құралын орнатуы керек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тұрғындарды хабардар етті.

— «Қызылжар су» ЖШС 2024 жылы жасыл желектерді суаруға арналған ауыз суды пайдалануға жазғы су құбырын қосу туралы шарт жеке есептеу құралын орнатқан тұтынушылармен ғана жасалатынын хабарлайды, — делінген жазбада.

Яғни жеке тұрғын үйде тұратындар бау-бақшасына жазғы суару жүйесін пайдалану үшін есептегіш құрал орнату қажет.

— Бұған дейін қала тұрғындары үй маңындағы бау-бақшаны суару үшін жазғы суқұбырын қосатын. Кімнің қанша пайдаланып жатқаны есептелген жоқ. Енді суды үнемдеу үшін есептегіш құрал орнатып, келісімшартқа қол қояды. Тек содан соң ғана суды пайадалана алады. Бұл шараны Президенттің таза суды үнемдеу керек деген тапсырмасына орай қолға алдық, – дейді кәсіпорынның атқарушы директоры Арман Сауытов.

Бұл жаңашылдық әзірге жеке сектор тұрғындарына ғана қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz