Қоқыс полигонында заңсыз жұмыс істеген мигранттар анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс аумағында полицейлер көші-қон заңнамасы бұзушылықтарының жолын кесуге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлерінен бөлек, аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер жұмылдырылған. Сауда базарлары, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылатын басқа да орындар тексеріліп жатыр.

Петропавл қаласының маңындағы полигонда қатты қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін бөлумен айналысып жүрген еш рұқсат құжаттары жоқ Тәжікстан елінің жеті азаматы анықталды. Олардың айтуынша, рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді, заң бұзушылар айыппұл төлейді.

Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақтылы ресімдеу қажет, Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда. Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күндерінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының шетелдіктердің тарапынан болған 23 бұзушылығын анықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz