Әскерден жалтарғандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны наурыздың 1-нен басталды. Биыл Отан алдындағы борышын өтеуге өңірден 480 солтүстікқазақстандық аттанбақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыста көктемгі әскерге шақыру науқаны басталғалы 13 жерлесіміз Отан алдындағы борышын өтеуге Шығыс Қазақстан өңіріне жіберілді.

– Әскерге барудан жалтарып жүрген жастар жетерлік. Олардың саны бүгіндері 600-ге жуықтады. Араларында жұмыс бабымен өзге облыстарда жүр. Десе де науқан барысында біз барлығының қайда жүргенін анықтап, шақырту билеттерін жібереміз, — дейді СҚО қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Марат Каримов.

Марат Каримовтың айтуынша, әскерден жалтарып жүргендерді қылмыстық не әкімшілік жазаға тартуға болады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 647-бабына сәйкес, әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азамат, шақыртуға келмесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл өтеуі шарт. Ал медициналық куәландырудан не тексеруден жалтарғаны үшін үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес, негізсіз әскери қызметке шақырудан жалтарса, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар істейді.

– Бұл бап бойынша бір жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған, – деді Марат Каримов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz