Петропавлда 113 жеке тұрғын үйді су басуы мүмкін. Бұл туралы СҚО ТЖД мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында облыс орталығында коммуналдық кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын жеке тұрғын үй секторынан қар шығарылып, суағарлар тазартылып жатыр.
– Қыс басталғалы облыс орталығынан 910 мың текше текше қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жүргізілуде. Тәулік бойы көшелерді қардан тазартуға 200 бірлік техника шығады. Бүгіндері қалада су басу қауіпі жоғары 7 шағынаудан бар, — дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Қаладағы суағарлардың жалпы ұзындығы 190 шақырымды құрап отыр. Оның 110-ы ашық және 80-і жабық кәріз желілері болып табылады.