СҚО әлемнің 30 еліне карантинге жатқызылатын өнімді экспорттайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы тиісті құжаттардың жоқтығынан 575 тонна және 120 текше метрден астам карантинге жатқызылатын өнім ел аумағына кіргізілмеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Шакимовтың айтуынша, облыста Ресеймен шекарада төрт фитосанитарлық бақылау бекеті орналасқан. Бұл жерде шекарадан әрі-бері өтетін карантинге жатқызылатын өнім – түрлі өсімдіктер, олардың тамыры, кесілген гүлдер мен түрлі көкөніс, саңырауқұлақ, тағы басқалары тексеріледі.

— Былтыр СҚО аумағынан 3 млн. 795 мың тонна карантинге жататын өнім тексеріліп, жіберілді, олардың 3 млн 176 мыңы экспортқа кетсе, қалғаны еліміздің басқа аймақтарына жіберілді. Жалпы карантинге жататын өнім СҚО-дан әлемнің 30 еліне экспортталады. Соның ішінде өңірдің 306 кәсіпорны Қытайға карантинге жатқызылған өнімді әлеуетті экспорттаушылар тізіміне енгізілді, 38 кәсіпорын бидайды қалғаны басқа дақылдарды шетелге сатады, — дейді Марат Шакимов.

Былтыр инспекторлар 18 мыңға жуық көлікті: 406 мың тонна, 123 мың текше метр, 2,5 млн дана өнімді тексерген. Нәтижесінде фитосанитарлық сертификаты жоқ 36 көлікті қайтарып жіберді. Көліктерде 575 тонна, 122 текше метр, 156 дана карантинге жататын өнім болған. Заңды бұзған 3 жеке және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 310 мың теңге айыппұл төледі.   Ал Литвадан әкелінген өнімдерде батыс гүл трипсі анықталып, партия толығымен өртелген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz