СҚО жастары Германиядағы экологиялық агроқұрылымдарда тегін тәжірибеден өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 8 студенті жақында Германияда, жарты жылдық тағлымдамадан өтеді. Халықаралық жобаға бүгінге дейін 70 студент қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

LOGO e.V. одағы арнайы бағдарлама аясында Германияның экологиялық агроқұрылымдарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттері үшін жарты жылдық тәжірибесін жүзеге асырады. Жергілікті университет 9 жыл бойы мүмкіндікті сәтті пайдаланып келеді.

Петропавлда шетелдік жобаға қатысуға іріктеуден өткен ауыл шаруашылығы факультетінің студенттеріне арналған неміс тілі курсы аяқталды. Сабақтарды WFI басқару мектебі бағдарламасының магистрі, оқытушы Андреас Рухсерт жүргізді. Бір айдың ішінде білім алушылар, Германияның биоөнеркәсіптерінде табысты жұмыс істеу үшін тілін жетілдірді.

Практиканттар кәсіпорындарда жұмыс істеп, жалақы алады, көп саяхаттауға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ жаңа достар табады. Студенттер үшін, тамақтану және тұру тегін, сонымен бірге визалық қолдау көрсетіледі. Серіктестік аясында М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 70-тен астам студенті осындай тәжірибеден өтті.

Бұрын жастарға жобаға қатысу үшін тілді өздігінен меңгеруге тура келетін, енді жоғары оқу орнында интенсивті тіл курсын тегін өтіп, неміс тілін тез арада үйрене алады.

Биыл сәуір айының соңында 8 білім алушы Германияға еңбекақы төленетін тағылымдамадан өтуге аттанады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz