Тайынша ауданында мектеп салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапары сапарымен барып, қарияларға арналған «Надежда» орталығында  болды. Өңір басшысы қарттармен кездесіп, оларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Тайынша ауданында болған облыс әкімі әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға арналған көпқабатты үй иелерінің шаңырағына барып, қоныстойларымен құттықтады.

Өңір басшысы ауданда көктемгі су тасқынына дайындық шараларын тексеріп, Тайынша, Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандары әкімдерінің және жауапты басшылардың қатысуымен кеңес өткізді. Биыл Заречное ауылына жол күрделі жөндеуден өтіп, Шағалалы өзені арқылы жаңа көпір салынады. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде ауылға үздіксіз қатынасты қамтамасыз етпек.

Ауданда СҚО әкімі әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Полиэтилен құбырларын шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Ауданаралық ауруханаға да барып, жас дәрігерлермен тілдесті.  Биыл емханаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған,  заманауи ангиограф пен МРТ алынады. Аудан орталығында жабық мұз айдыны ашылып, қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалды.

Ғауез Нұрмұхамбетов Драгомировка ауылына да соқты. Мұнда биыл апатты білім ошағының жанына жаңа мектептің құрылысы басталады. Қазір балалар бұрынғы балабақшаның ғимаратында уақытша білім алуда. Өңір басшысы мердігер мен жауапты басшыларға құрылысты уақытында және сапалы жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz