Қызылжар төрінде өткен республикалық ақындар айтысында жеңіс Мейірбек Сұлтанханға бұйырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл бәйгесі жеті сағатқа созылып, бірінші орын Төлеген Жамановқа бұйырса, екінші орынды Мақсат Аханов және Нұрбол Жауынбаев иеленді. Үшінші орынға Иран-Ғайып Күзембаев, Айым Асылбекқызы, Қазырет Бердіхан және өңір намысын қорғаған Жарқын Жұпархан лайықты деп танылды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды. Барлық жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды. Ал жүлдеден қалыс қалған айтыскер ақындарға ынталандыру сыйлығы берілді. Бұл марапат жеті ақынға бұйырды.