Дәрісханаға академик Зарқын Тайшыбайдың есімі берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Тарих, экономика және құқық» факультетінің 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбай атындағы дәрісхананың ашылу салтанатты өтті. Аталмыш іс-шараға зиялы қауым өкілдері, профессордың шәкірттері және студенттер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Меймандар ең алдымен қаламгердің  кітаптары қойылған көрмені тамашалады. Кейін ұлағатты ұстаздың өмір өткелдеріне арналған бейнефильм көрсетілді. Зарқын Тайшыбай атындағы арнайы дәрісхананың тұсауын  университеттің  басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Рената Апергенова мен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, белгілі қаламгер   Жарасбай Сүлейменов кесті.

Ғұмырының басым бөлігін журналистикаға, шәкірт тәрбиесіне, Алаш ардақтыларының өмірдариясын зерттеуге арнаған Зарқын Сыздықұлы —  отыздан астам зерттеу еңбектің авторы.  Шараға жиналғандар профессордың  еселі еңбегі туралы әсерлі сөз сабақтады.

— Зақаңның шәкірттері бүгінгі таңда өңіріміздегі журналистика саласының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Алдыңғысы БАҚ өкілдерінің ағалары мен әпкелеріне айналып отырған жайы бар. Зарқын Сыздықұлын қазақ руханиятына қызмет ететін азаматтардың шамшырағы десек, қателеспегеніміз. Ел тарихының жандануына, өлкетану ісінің қалыптасуына, журналистика ғылымының өркендеуіне ғалым ағамыздан артық еңбек сіңірген  қайраткерлер жоқтың қасы, — деді Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, белгілі қаламгер  Жарасбай Сүлейменов.

Меймандар профессордың «достарымен жылы кездесулері», «облыстағы шығармашылық белестері», «ғылыми ынтымақтастық туралы лебіздері», «кітаптары мен ғылыми еңбектері», «өмірі мен еңбек жолы», «марапаттары мен ғылыми жетістіктері» сынды тақталармен сәнденген дәрісхана тек лекциялар мен сабақтар өтетін орынға ғана емес, сонымен қатар тың идеялар туындайтын, жаңа жобалар дүниеге келетін орынға айналады деген оймен тарқасты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz