СҚО спортшылары жүлдегерлер қатарында

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Таразда гір көтеруден ел біріншілігі өтті. Жарысқа жастар мен жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір намысын «Атлетик» спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады. Биылғы чемпионатқа 14 облыстан 400-ге жуық спортшы қатысса, оның 48-і СҚО атынан бақ сынады.

Жастар арасында 63 килограмм санатында серіппе көтеру жаттығуында Илья Ротов қола жүлдегер атанды. Ал 73 килограмда Бекежан Мейрам мен 78 килограмда Валентин Федоровский алтыннан алқа тағынды. 85 килограмда Ислам Мұсайбеков екінші орынға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында 58 килограмда Шыңғыс Мұсайбеков үшінші, 78 килограмда Олег Микеда мен Азамат Кошенов қола жүлдені місе тұтты.

Қыздар арасында 63 килограмлда серіппе жаттығуында Валентина Беседина алтын жүлдені иеленсе, 68 килограмнан жоғары санатта Сабина Шпеттер екінші орынға, ал Махаббат Мұсайбекова үшінші орынға қол жеткізді.

Кіші жасөспірімдер санатында 58 килограмда Анастасия Беседина алтын медальді қанжығасына байлады.

Гірді жұлқи көтеру жаттығуында жастар арасында өнре көрсеткен Захар Коваленко бірінші орынды жеңіп алды. Ол 73 килограмм санатында өнер көрсетті. Бекежан Мейрам үшінші орынды қанағат тұтты. Валентин Федоровский болса, 78 килограмда күміс жүлдегер атанды.

Жастар қатарында жұлқи көтеру жаттығуында 95 килограмнан жоғары санатта Григорий Устинов жеңіске жетті.

Жасөспірімдерде жұлқа жаттығуында Кирилл Горбань бірінші орынды иеленді. Спортшы 73 килограмм санатында өнер көрсетті.

Кіші жасөспірімдер қатарында 48 килграмда Алексей Хрупин үшінші, 53 килограмда Кирилл Чухрай екінші, 58  килограмда Кирилл Хрупин үшінші орындарды иеленді.

Қыздарда 63 килограмда Валенитина Беседина чемпион атанса, Сабина Шпеттер 68 килограмм санатындағылар арасында жеңіс тұғырына көтерілді.

Жұлқа жаттығуында кіші жасөспірімдер санатындағы қыздар бәсекесінде Елена Черноус үшінші және Елизавета Штанина екінші орындарды еншіледі. Ал Галина Фефелова 58 килограмнан жоғары санатта қола жүлдені қанағат тұтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz