Астана қаласында шаңғы жарысынан «Special Olimpics» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық оқу-әдістемелік орталығы сайысқа №1 арнайы мектеп – интернатының тәрбиеленушілерін жіберді. Нәтижесінде жерлестеріміз шаңғы жарысынан аралас эстафетада жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша Арсылан Абылқайыров, Назар Бунеев, Наделжда Моличенко мен Валерия Шимина бірінші орынды иеленді.
– Қыздар арасында шаңғымен жүгіруден сынға түскендер 500 метр қашықтықты бағындыру міндеті тұрды. Бұл сында Валерия Шимина 1-ші орынға табан тіреді. Жастар қатарында Назар Бунеев күміс медальді еншіледі. 1000 метрлік қашықтықта Надежда Моличенко да екінші орынды еншіледі, — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметінде.