Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

— Елбаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды, — деді министр.

Осы орайда Мәди Такиев елбаңбаны ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатындығын, қандай қаржы көздерінен қаржыландырылатындығын айтпады.

— Алдымен бірінші мәселені шешіп алайық, одан кейін екіншісін қарастырамыз, — деді ол.

Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде ұлттық бірегейлігіміздің мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқанын атап өткен еді.

— Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz