Облыстық балалар ауруханасына оқ тиген 14 жастағы бала түсті, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі. Жараланған бала Петропавл қаласының тұрғыны.
Оқиға Қызылжар ауданындағы Пресновка ауылының маңында болған. Бір-біріне туысқан болып келетін 14 және 18 жастағы екеуі аңға шығып, ағасы қауіпсіздік ережесін сақтамай, інісін жаралаған. Тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданатын болады.
Жасөспірім жараланып қалды
443
алдыңғы жаңалық