Автопарк бес жаңа автобуспен толықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың автобус паркі жаңа қоғамдық көліктермен толықты. Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен 185 млн. теңгеге бес автобус сатып алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Семей қаласындағы зауытта құрастырылған «ПАЗ Вектор некст» маркілі автобустар Петропавлға жетті. Дизель отынымен жүретін техника жақын арада бағытқа шығады. Бұл туралы «СҚО автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенова айтты.

– Әр автобустың құны 37 млн. теңгені құрайды. Біз көліктерді мемлекеттік бағдарлама арқылы лизингке алдық. Қоғамдық көліктер нөмірі 14 бағыт бойынша жолға шығады. Олар ескі техниканы алмастырмақ, — дейді Галина Семенова.

№14 бағыт 20-шы шағынауданнан Пребрежное кентіне дейін қатынайтынын атап өткен жөн. Заманауи техника сапалы әрі ыстық және суық күндері жолаушылардың жайлы қатынауына мүмкіндік береді. Көліктер кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz