Облыста үй жануарларына түрлі ауруларға қарсы екпе қойылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, міндетті екпе жұмыстары өңір аудандарында жүйелі түрде жүргізілуде. Қызылжар ауданында да үй жануарлары вакцинациядан өтіп жатыр. Науқан кезінде 20 мың сиыр, 13 мың қой мен 2400-ге жуық құсқа екпе қойылмақшы.
– Құстарға құс тұмауына қарсы екпе қойылып жатыр. Бүгіндері аудан бойынша қанаттылардың 40 пайызына вакцина салынды, — дейді Қызылжар аудандық ветеринарлық стансаның директоры Ербол Багенов.
Қызылжар ауданында вакцинация басталғалы бруцеллез анықталған 5 ірі қара мал сойылды. Тұрған орындары тазаланып, дезинфекция жүргізіліп жатыр.