CҚО-дағы Сілеті өзенінде мұз жару жұмыстары өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Су тасқынына қарсы іс-шара Қулыкөл ауылының маңындағы Сілеті өзенінде өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурызда «КМD Холди» ЖШС мамандары Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылының маңындағы Сілеті өзенінің 3 учаскесінде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Жалпы ауданы — 1 200 шаршы метр.

Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстың тиісті деңгейде атқарылуын төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, аудан әкімдігінің және Қулыкөл ауылдық округі әкімдігінің өкілдері бақылады. Қауіпсіздікті Қулыкөл ауылдық округінің учаскелік полициясы қамтамасыз етті.

 — Мұз жамылғысын жару — көктемгі мұз ағыны кезеңінде кептелістің тумауы, тасқын судың жолын ашу үшін және Қулыкөл ауылдық округінің елді мекендерін көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді. Мұзды ұсақтау нәтижесінде өзенде кептелістердің пайда болу мүмкіндігі азаяды. Бұл судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұз жару жұмыстарынан кейін өзеннің мұз бетінде жарықтар пайда болады. Сол себепті оның үстіне шығу аса қауіпті екенін ескертеміз, — дейді құтқару қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz