Қардың еруімен жолдар шұңқырларға толды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс тұрғындары қала сыртындағы автожолдардың жағдайына шағымдануда. Олардың сөзінше, қармен бірге асфальт жамылғысы да еріп кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, жолдың жағдайы мәз емес. Мәселен, «Корнеевка – Сергеевка» трассасы кедергілерге толы квестке ұқсайды. Салдарынан теміртұлпар жүргізушілері көліктерін техникалық қызмет көрсету станцияларына жүгінуге мәжбүр.

Тұрғындардың жан-айқайына «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиалы түсініктеме берді. Компания жолдың жай-күйін ауа райының жағдайымен түсіндірді.

– Құрметті облыс тұрғындары, қазіргі уақытта түнгі және күндізгі температураның өзгеруіне байланысты жол бойында мұз пайда болады. Қауіпті жол учаскелерінде мұзды алу жұмыстары жүргізілуде. Қолайлы ауа райы жағдайында шұңқырлар бітеледі, — делінген хабарламада.

«Петропавл – Жезқазған» республикалық автожолының учаскесі – аса қауіпті аймақтардың бірі. Қар ерігеннен кейін трасса шұңқырларға толы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz