Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қаныш Бижанов тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қаныш Болатұлы 1977 жылы Ұлытау облысында дүниеге келген. Ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және Халықаралық экономикалық институтын емдеу ісі, Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық аурухананың хирургы болып бастаған.

2006 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. Содан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның емханасына, орталық аудандық ауруханасына басшылық етті;
2016 – 2019 жылдар аралығында облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып жұмыс істеді;

2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжіне басшы болды;

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыстық фтизиопульмонология орталығын басқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz