Қоғамдық кеңесте жаңа төраға

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан құрылған Қоғамдық кеңесінің  алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы — Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Владимир Бубенко ашты. Ол қатысушыларға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрамына 9 адам кіретін жұмыс тобын құру бойынша конкурс өткенін хабарлады. 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейін жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлау бойынша конкурс жариялады.
-Құжаттарды қабылдау және қарау аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 1 ақпанында кандидаттармен әңгімелесу өткізілді, бағалау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына 21 адам сайланды. Облыстық мәслихат сессиясының 3 ақпандағы шешімімен облыстың қоғамдық кеңесінің сайланған құрамы бекітілді, деді Владимир Бубенко.
Алғашқы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы мен төралқасының құрамы сайланды. Кеңес төрағасы болып қоғам қайраткері, жазушы, «Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы» облыстық филиалының директоры Жарасбай Сүлейменов сайланды, ол облыстық «Ленин туы» газетінің қызметкерінен бастап төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына дейін үлкен еңбек жолынан өткен. Қоғамдық кеңестің төралқасына Олег Завьялов, Бекет Нұғыманов, Асқар Сақыпкереев, Сәуле Сүлейменова және Петр Шарапаев сайланды.
Бір апта ішінде Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған негізгі мәселелер жоспары құрылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz