Жарыс мәресіне жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

“Солтүстік – 2022” қысқы спорттық ойындарының бағдарламасына сай конькимен жүгіру және керлинг спортынан жарыстар өз мәресіне жетті. 13 аудан мен Петропавл қаласының спортшылары өзара бақ сынасты.

“Қарасай” стадионына жиналған қа­ты­сушылар 500 және 1000 метр қа­шық­тық­та сайысты. Жарысқа 38 әйел және 40 ер адам қатысты. Конькимен жүгіру жарысының нәтижесі бойынша Шал ақын ауданы 1-орынды қан­жы­ға­сы­на байласа, 2-орынды Ғабит Мүсі­репов атындағы ауданның конькишілері иеленді. 3-орын Мағжан Жұма­баев ауданының спортшыларына бұйырды.

screenshot 15

screenshot 14

Керлингтен жарыстарға төрелік ет­кен Денис Зерновтың айтуынша, бұл спорт түрі жарыстар бағдарламасына 2017 жылы енгізілген. “Керлинг – ко­ман­далық ойын. Әр құрамада 4 ойыншыдан болуы тиіс. Ойын ережесі бо­йынша екі команда мүшелері 8 рет тасты мұз үстінде белгілі бір жылдам­дықпен сырғанатады. Осылай қарсы­лас жақтың тастарын шеңбер ішінен ығыстыруы керек. Барлық кезеңнен соң қос команданың ұпайлары есеп­теліп, жеңімпаз анықталады. Өткен жылы облысымыздың әйелдер командасы керлингтен ел чемпиондары атанса, спартакиадада ерлер коман­дасы екінші орынға ие болды”, – деді ол.

Төрт күндік ойындар нәтижесі бо­йынша керлигтен бірінші орынды Мағжан Жұмабаев ауданының коман­дасы иеленсе, екінші орынды Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ойын­шы­лары еншіледі. Ал Қызылжар ауда­нының құрамасы үшінші орынға тұрақтады.

Былтыр керлингтен Тайынша ауда­нының спортшылары чемпион атанған еді.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz