СҚО-ға Түркістан облысынан 54 құтқарушы көмекке келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқыны кезінде өңірге көмекке Түркістан облысынан құтқарушылар келеді. Бұл туралы СҚО ТЖД-да өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Зеренді ауданында еріген қар суы Шағалалы өзеніне қосылып, Тайынша ауданының орталығын су басу қаупі болған еді. Жергілікті құтқарушылардың арқасында қауіптің беті сейілді. Мамандар өзеннің суын жарып, жасанды дамбалар тұрғызды.

– Қазір Шағалалы өзенінің су деңгейі төмендеді. Жағдай бақылауда. Су басуы ықтимал үйлердің иелерімен тілдестік. Олар баспаналарын тастап кетуден бас тартып отыр. Балаларын туыс-жақындарының үйлеріне жіберді, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, Сергеев су қоймасында жағдай күнделікті бақылауда. Қазір ол 85 пайызға толған. Өткен күні Астана су қоймасы суды жіберді.

– Астанадан су екі аптаның ішінде өңірге жетеді деп күтілуде. Сол кезде Есіл өзені арнасынан шығады. Су тасқынын алдын алу мақсатында Петропавлдан аудандарға құтқарушыларды жібердік. Алдағы күндері облысқа 54 түркістандық мамандар келіп, біз оларды ауылдарға жөнелтеміз, — дейді Мұрат Қанғожинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz