Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде волейболдан ұлттық мектеп лига командаларының турнирі өтті. Бұл жолы жарыс жолына қыздар шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарысқа 9-11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Биыл 110-нан астам мектеп тәрибеленушісі сынға түсті. Барлығы – 9 команда.
Үш күнге созылған жарыста бірінші орын Шал ақын ауданынан келген «Академик» Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясына бұйырды. Финалда шалақындықтар Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта білім ордасының командасын ұтып, облыс орталығынан келген ойыншыларға күміс жүлде бұйырды. Ал үздік үштікті Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышенка орта мектебі түйіндеді.
Жеңімпаз атанған шалақындық волейболшы қыздар енді облыс намысын республикалық турнирде қорғайды. Бұл жарыс Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.