СҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Үкімет отырысында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды. Жиында экология және табиғи ресурстар министрі өзендердегі су деңгейі туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Болжамға сәйкес, 2024 жылғы 1-10 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын болмақ. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп түседі деп күтіледі. Республиканың басым бөлігінде түнгі уақыттағы жауын-шашын қарға ауысып, ал күндіз жаңбыр жауады.

— Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының 27%-ы қар жамылған. Жазық жерлердегі өзен бассейндерінде су қорының көлемі азайды. Су тасқынының ең көп көлемі Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктеріндегі өзендерде болмақ, алайда су тасқыны қаупі сақталып отыр. ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облыстары, СҚО өзендерінде және Қостанай облысының солтүстік жартысында су деңгейінің көтерілуі және қауіпті көрсеткіштердің артуы байқалады, — деді үкімет отырысында Ерлан Нысанбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz