Теке көлі өңірдің сакралды картасына енгізілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-дағы 40 градус аязда қатпайтын ерекше көл өңірдің сакралды картасына енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Суық аяздарда қатпайтын ерекше көлдің атауы — Теке.

Теке көлі Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылының солтүстік-шығысына қарай 40 км жерде орналасқан. Алып жатқан аумағы Петропавлдан үлкен, ұзындығы – 33, ені 20 км шамасында. Ең терең жері небәрі 1 метр. Ерекшелігі – бір литр суда 300 граммға дейін тұз бар. Яғни суы көпке танымал Өлі теңіз суының құрамымен бірдей. Сондықтан қандай аяз болмасын, бұл көл қатқан емес.

Көлді шаян тәріздес жәндік – артемия салина мекендейді. Мамандардың айтуынша, ол тек экологиялық таза, тұзы жоғары көлдерде кездеседі. Мұндай көлдер тек Қазақстанда, Ресейде және АҚШ-та ғана бар.

Қазақтар үшін бұл су қоймасының орны бөлек, ол ежелден қасиетті орын болып саналады және аңыздармен көмкерілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, батырлар мұнда жараларын емдік балшықпен емдеуге келген.

Тағы бір аңыздарда Теке көлінің бұрын теңіз болғандығы айтылады. Маңында аққайыңдардың ну орманы болған екен. Қаулап өскен ағаштан жалғыз қалған аққайыңды көрген ауыл тұрғындары бар. Киелі ағаш 1986 жылы өсуін тоқтатты.

Теке көлінің суы қасиетті деп саналады, жазда өңір тұрғындары, ресейліктер емделуге келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz