Петропавлдағы «I-KOMEK» орталығына күніне 200 қоңырау түседі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова облыс орталығында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Cенатор «I-KOMEK» орталығына барды. Күніне мұнда қала тұрғындарынан 200 қоңырау келіп түседі. Дені коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі. Кейін Әсем Рахметова облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығымен кездесті. Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 87 елді мекен есепке алынған. 175 ауылда тиісті шаралар қолға алынып, су басу қаупі толықтай төмендетілді.

Облысымызда су тасқынына төтеп беру үшін арнайы топ құрылған. Оның құрамына ТЖД, полиция департаменті және Ұлттық ұлан қызметкерлері кіреді. Төтенше жағдай кезінде 134 техника мен 472 адам жұмылдырылады.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытқа дейін облыс аумағынан 25 мың текше су сорылды.
Сенатор Петропавл су торабына да барды. Ол штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz