Заречный кентіндегі бөгет сарбаздардың көмегімен нығайтылып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Заречный кенті тасыған Есіл өзенінің суы басуы мүмкін қауіпті аумақтардың бірі. Судың елді мекенге кіруін болдырмау үшін қазір мұндағы бөгет нығайтылып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Петропавлдағы Заречный кентінде 900-ден астам адам тұратын 224 тұрғын үй бар. Есіл өзені қатты тасыған жылдары жайылған су көше мен шеткері үйлерге кіреді. Тасыған судың жолына бірер жыл бұрын бөгет салынды, биыл ол нығайтылып жатыр. Бұл жұмысқа ҚР Ұлттық ұлан 6637 әскери бөлімінің 60 сарбазы мен оннан астам техника жұмылдырылған.

— Көктем басталғалы анамның үйінде тұрып жатырмын, себебі, үйге су кіре ме, деген қорқыныш бар. Соңғы рет 2017 жылы су қатты тасып, деңгейі белден келген. Бөгет тұрғызылғаннан кейін жағдайымыз жақсарды, бөгет судың өтуіне кедергі жасайды, — дейді Петропавл тұрғыны Николай Люков.

Әскерилер бөгетті нығайту үшін сары балшық пен құмның қоспасы салынған қапшықтарды даярлап жатыр. Бөгеттің ұзындығы 1,5 километр, ал биіктігін 2,5 жарым метрге жеткізбек. Бір аптаның ішінде алты мыңнан астам қап әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz