СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданындағы бөгеттердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Өңір басшысы Ущев көшесінің бойындағы, Былғары және Заречное кентіндегі, Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы бөгеттерді бақылады.
— Су тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жауапты қызметтер тұрғындармен ақпараттық жұмыс жүргізуі қажет, эвакуациялау пункттері дайын, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.