СҚО-ға Түркістан облысынан келген құтқарушы көз жұмды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Денсаулығы нашарлаған Түркістан облысы ТЖД маманы дереу Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, сәуірдің 2-не қараған түні жан тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, көз жұмған құтқарушының есімі – Бекжан Балданов. Ол Сайран ауданындағы № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып қызмет еткен. Білікті маман сәуірдің 1-і күні Тайынша ауданына Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмекке келген.

– Сәуірдің 1-і күні құтқарушының денсаулығы нашарлап, ол дереу ауруханаға жатқызылды. Кейін дәрігерлер науқасты санавиациямен Петропавлға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Марқұмның отбасы мен туыс-жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, — делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz