Бұлан атқандар ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Құқық бұзушылық Қызылжар ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары «Көкшетау» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағының қызметкерлері өткізген рейд барысында браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды «qyzyljarnews.kz». тілшісі.
Тәртіп сақшылары Қызылжар ауданындағы Жалтыр көлінің маңында үш қарда жүргіш техника мен етті мүшелеп жатқан адамдарды байқаған. Заңға қайшы әрекет етушілердің бірі ізін суытпай, оқиға орнында ұсталды. 47 жастағы күдікті Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ал заңсыз бұлан атқан тағы екі тұрғын келесі күні ұсталған. Нәтижесінде, үш қарда жүргіш және қос ұңғылы «ИЖ» мылтық пен жануардың мүшеленген еті тәркіленді. Күдіктінің үшеуі де қамауға алынды.
«Заңнама талаптарына сәйкес ерекше күзетілетін табиғи аумақтағы заңсыз аңшылық үшін аса ірі көлемде айыппұл салу 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жаза көзделген», — деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Бұл биылдыққа облыс аумағында тіркелген заңсыз аң аулаудың алғашқы фактісі. Табиғатты қорғау полицейлері облыс аумағында қаңтар айынан бастап тұяқты жануарларды атуға тыйым салынғанын, тек терісі бағалы аңдарды аулауға ғана рұқсат етілгенін ескертеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға жол берілмейтінін ұмытпаған абзал.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz