Облыс прокурорлары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағы нысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған.
Нәтижесінде басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
– Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 250 директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте қадағалау органы мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады, мұнда 369 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, — делінген прокуратура мәлімдемесінде.