Тауарлардың бағасына мониторинг жүргізіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері тауарлардың жасанды түрде қымбаттауының алдын алу үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мониторинг барысында қалалық әкімдіктің  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 4 бөлмелі пәтерді 63,8 млн теңгеге, яғни екі  еселенген бағаға  сатып алмақ болмақ. Ведомоство араласқаннан кейін пәтердің құны 35,1 млн. теңгеге дейін азайтылды.

— «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы»  ЖШС-нің бір литр жазғы дизель отынын 450 теңгеге сатып алмақ әрекетінің жолы кесілді. Бағасы 263 теңгеге түсіріліп, 243,1 млн. теңге бюджет қаражатының талан-таражға түсуінің жолы кесілді.  «Бірыңғай терезе жүйесі» арқылы қадағалаудың нәтижесінде 27 тауарды сатып алу құны 505 млн. теңгеге төмендетілді. 22 мемлекеттік орган тарапынан бағаны қолжетімді ету бойынша тиісті шешімдер алынды, — дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz