СҚО әкімі су келген ауылдың тұрғындарымен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың және Тайынша аудандарында болды. Рублевка ауылында жер қорғанын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Үйлерді су басу қаупі алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тайынша ауданы,  Доброжановка ауылына үлкен су келді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде су бұру арнасы тартылып, жолдан су өткізу жасалды. Осының арқасында үйлерге су кірген жоқ. Қазір судың деңгейі төмендеп жатыр.

Ауыл тұрғындарымен кездесіп, адамдардың өмірін сақтау және малды аман алып қалу басты міндет екенін атап өттім, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Келлеровка еріген судың келуіне дайындалуда. Бөгет күшейтіліп, су сорылып, инертті материалдар дайындалуда. Бұл жұмыстардың барлығы үйлерді су басып кетпеуге бағытталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz