СҚО әкімі шалақындықтармен кездесіп, 6 аудандағы жағдайды тікұшақпен бақылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданындағы су тасқынының жағдайын тексерді. Ыбыраев және Ақанбарақ ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құтқарушылар мен тұрғындардың бірлескен қимылдардың арқасында үйлерді су басу қаупі жойылды. Өңір басшысы ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен жедел әрекетіне алғысын білдірді. Сондай-ақ, СҚО әкімі Сергеев су қоймасының қазіргі жағдайымен танысып, су тасқыны болжамы туралы есепті тыңдады. Сергеев су торабы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, қазір асып төгілу деңгейі 260 см құрап отыр.

Одан бөлек, облыс әкімі Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев, Жамбыл және Есіл аудандарының үстінен ұшып, бақылады. Есіл өзенінде мұз кептелісі байқалмайды. Дегенмен,  алқаптарда қар бар. Еріген судың қаупі әлі де сақталуда. Жауапты мемлекеттік органдарға барлық шешімдерді жедел қабылдап, үйлерді су басып кетпеу, қажет болған жағдайда адамдарды эвакуация жасау тапсырылды.

photo1712404375 3

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz