Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының ернеуінен асып төгілуі 415 см-ге жетті. Өңірде соңғы рет ауқымды су тасқыны 2017 жылы тіркелген еді, ол жолы бөген 338 см-ге асып төгілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша өткен тәулікте Сергеев су қоймасынанда асып төгілген су деңгейі 80 см-ге артқан. Қазір бөген 180 % толған. Су әлі де көтеріліп келеді. Болжам бойынша шарықтау шегінде бөгеннен төгілген судің биіктігі 430 см-ге жетпек.
Есіл ауданы Покровка елді мекенінде бір тәулікте Есіл өзені 411 см-ге көтерілді, осылайша қауіпті деңгейге жетуге 20 см ғана қалды.
Сергеевка қаласының маңында да Есіл өзені әлі көтеріліп жатыр, бір тәулікте 95 см-ге артты. Қауіпті деңгей – 1500 см-ге жетуге 175 см қалды.
Шағын өзендерде су деңгейі түсіп жатыр. Мәселен Андреевка елді мекені жанынан өтетін Шарық өзенінің деңгейі бір тәулікте 90 см-ге төмендеді.