Футболдан ел біріншілігінің 4-ші турында жергілікті «Қызылжар» клубы өз алаңында Астананың «Жеңісін» ірі есеппен ұтып, турнирлік кестеде көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу барысында жерлестеріміз қарсылас қақпасына 4 жауапсыз гол салды. Есепті бірінші болып, Евгений Березкин ашты. Кейін Зоран Нижич есепті еселеді. Ойынның 71-минутында Борис Цмилянич басымдықты арттырса, Алексей Щебетун 81-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Футболдан ел біріншілігінде жерлестеріміз 7 ұпаймен екінші сатыға жайғасты. Бірінші орында алматылық «Қайрат» клубы тұр. Олардың еншісінде — 8 ұпай.