Қазақстанда газ бағасы 2024-жылға дейін өзгермейді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы өзгеріссіз тұратынын айтты, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Яғни, газдың бағасы 2021 жылғы баға деңгейінде сақталады.
«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады. Өңделмеген және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде қалады», -деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ ол тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.
Премьер-Министр ішкі нарықты күшейту және тауар тапшылығын болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі ұлғайтылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі іске асырылатын жариялады.
Әлихан Смайыловтың сөзінше, утилизация алымының мөлшерлемесі төмендетіледі. «Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін айтарлықтай азайту жағы қайта қаралып жатыр», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы ауызсуды тұтыну көлемін реттеу және табиғи қоқыстардың көлемін азайту бойынша жұмыстар жүзеге асырылатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz