142
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринарлар күні – 10 шілде;
- Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.
Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.