СҚО-ға су тасқыны кезінде көмек көрсетуге Қарағанды және Павлодар облыстарынан құтқарушылар келді. ТЖД-ның қызметкерлері Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы ауылдарда жұмыс істемек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД департаменті мамандарының болжамынша, Есіл өзенінің суы облыс орталығына аптаның соңында жетпек. Сондықтан облыс орталығы мен оның маңындағы аудандарда тасқын суға қарсы алдын ала жұмыстарды тәулік бойы жүргізген дұрыс. Осы ретте өңірге келген қарағандылық және павлодарлық мамандар қолұшын созбақ.
Бұған дейін облысқа түркістандық құтқарушылар келіп, олар Тайынша, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарға жөнелтілді.