Ел экономикасына салынған инвестициялар 50 пайызға өсті

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтырғы жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі
Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2021-жылы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 айызды құрады. Тұрақты экономикалық өсімнің негізгі факторы нақты сектор болды. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,38 процентке жетті. Тау-кен өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі экономикаға салған инвестициялар 9,5 процент ұлғайды. «Тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылдың 9 айы ішінде шамамен 50 пайызға өсті. Осылайша көрсеткіш 18,8 млрд долларды құрады», — деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов 11 айдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда мен инвестиция тарту саласында біраз өсім байқалғанын атап өтті. «Сондай-ақ өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, сыртқы сауда айналымы 15,4 процент өсіп, 91,4 млрд долларға жетті. Ал тауарлар экспорты 25 процентке артып, 54,5 млрд долларды құраса, импорт көлемі 4,2 процент өсіп, шамамен 37 млрд доллар болды», -деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz