Облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры кезекті рет жаңа кітаптармен толықты. Олардың арасында көркем әдебиет, тарих жанрларындағы кітаптар бар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кітапхана қорына келіп түскен туындылардың арасында Тұңғышбек Байқұловтың «Әулиата өңіріндегі ашаршылық» атты кітап та бар. Бұл еңбек өткен ғасырда қазақ даласындағы зобалаңнан хабар береді. Мұнда 30-жылдар туралы нақты деректер мен материалдар топтастырылған. Қазақ баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетінің 1913-1918 жылдар аралығында жарық көрген сандары топтастырылған көптомдықтың да оқырманға берері мол. Аталған басылым 1913 жылы Ахмет Байтұсынұлының басшылығымен Орынборда шыға бастады. Көптомдықта қазақ оқығандары мен Алаш қайраткерлерінің газетте жарияланған мақалалары, өлеңдері жинақталған. Архивтерден табылған газеттің 200-ден астам саны төте жазудан қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп беріліп отыр.

Қайрат Жолбыбайұлының «Кемел адам» кітабы — ел аузында жүрген, оқырманға кең танымал туындылардың бірі. Бұл кітапта жан-жақты жетілген адамның қасиеттері мен ерекшеліктері туралы баяндалады. Бірінші бөлімде кемел адам болудың психологиялық қыры, екінші бөлімде денсаулықты күту, үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану жолдары, төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық, 5-6 бөлімде эмоция туралы түсіндіріледі. Орынбасар Исаховтың «Ойыншық фабрикасы» жас оқырмандардың көңілінен шығары анық. Онда автордың өз әңгімелері және аудармалары топтастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz