Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мұсылмандар үшін қасиетті мейрам адамдарды бауырмалдыққа, қонақжайлық пен бірлікке үндейді. Әр отбасыға бақыт пен береке, молшылық пен табыс тілеймін. Су тасқыны сынағынан аман сау өтуге жазсын. Баршаңызға сабырлық пен шыдамдылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Ораза айт мейрамы құтты болсын! – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.