Еліміздің аумағында су басқан үйлердің саны белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды. Әуе көлігімен 2 823 адам, соның арасында 865 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды, — деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, 82 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

— Зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштердің көмегімен 8,5 млн текше метрден астам еріген қар суы шығарылды. 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су ағызылды. Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 655 техника, 469 су сору және 139 жүзу құралы, 10 әуе көлігі жұмылдырылды, — деді ведомство өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, дәл қазіргі сәтте Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жер үйді, 336 аула аумағын су басып тұрғаны анықталды.

— Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 69 елді мекен бақылауға алынды. Республикалық және жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық күш пен құралдар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды, — деді Ерасыл Сайпаш.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz